Киелі білім ордасы.
Мектеп тарихы.
Қазіргі мектеп –ұдайы даму үстінде болатын мектеп, себебі әрбір елдің болашағы мектебінде шыңдалады. «Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің жастарына қара» — деп ғұламалар айтқандай, еліміздің негізгі тірегі- білімді, білікті жастар. Жас ұрпақтың бойындағы табиғат берген қабілеттілікті тани білу, жан-жақты дамыту — бүгінгі күннің басты талабы.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ынтымағы жарасқан, нәтижеге бағытталған білім беру ісінде табысты жұмыс жасап келе жатырған «№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-і Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылында орналасқан. 1983 жылы Баянды бастауыш мектебі болып ашылған. Бала санының артуына байланысты, мектеп қажеттігіне орай,1985 жылы Баянды 8 жылдық мектебі болды. 1989 жылы 30 қарашада Форт Шевченко қалалық оқу бөлімінің №323 бұйрығымен Баянды орта мектебі болды.
Мектеп атауы 2014 жылдың 06 наурызындағы Мұнайлы аудандық әкімдігінің №72-қаулысымен «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммунальдық мекемесі болып өзгерді. Мектепті басқару тарихына көз жіберсек:
1983-1884 жылдары Тілегенов Жандос.
1984 жылы Нұрғалиев Қабижан.
1984-1998 жылдары Аманжолов Қаналхан.
1998-2003 жылдары Құрақбаева Баян.
2003-2008 жылдары Бегалиев Ағлепес.
2008-2013 жылдары Нұрманова Құралай.
2014 жылдың қаңтар айынан бастап осы мектепті басқаруға Байназарова Жанар Асылбекқызы тағайындалып, қызметін абыроймен атқарып келеді. Жанар Асылбекқызы басқарған ұжым білім сапасы бойынша ауданда алдыңғы орыннан көрініп келеді.
2014 жылынан дарынды балалармен жұмыс дұрыс жолға қойылды, нәтижесінде аудандық сайыста 1-7 сынып оқушыларының арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары бойынша «Зерде» конкурсына 7 оқушы қатысып,облысқа 3 оқушының жұмысын «үздік» деп танылып, оның 1-уі республикалық конкурсқа жолдама алды.Атап айтқанда 4-сынып оқушысы Нұрбай Мөлдір республикалық «Зерде» республикалық конкурсының ІІ- орын жүлдегері атанса,11-сынып оқушысы Әбдіхан Лаура Шымкент қаласында өткен республикалық олимпиадаға Қазақстан тарихы қатысып келсе,11-сынып оқушысы Өтегенова Алтынгүл Шымкент қаласында өткен республикалық олимпиадаға қазақ тілі пәні бойынша қатысып,ІІІ-орынды иеленіп келді.
2015 жылы мектеп оқушылары облыстық «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» байқауынан ІІІ орын иеленді.
2015 жылы Орал қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының мектеп басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өтіп сертификат пен Алғыс хатқа ие болды.
2016 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы білім беруді басқару: ізденістер мен проблемалар» тақырыбындағы облыстық семинарда «Білім беру ұйымдарын қоғам сұраныстарына сәйкес іскерлік дағдыларды қалыптастыра отырып басқару» тақырыбында баяндама оқып,тәжірибе алмасты.
Мектеп жетістігі, білім сапасы жылдан жылға сапалы өсуде. 2017-2018 оқу жылында ұстаздардың іс-тәжірибелерін таратуда республикалық «Білім айнасы» баспасының арнайы 3 нөмері толықтай мектеп мұғалімдеріне арналып 36 ҚМЖ мен мақалалары жарық көрді. 2017-2018 оқу жылында екі оқушысы республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, Мизамбай Самал физикадан ынталандыру , Дүйсенғалиұлы Ақылжан тарихтан екінші орынға ие болып Күміс алқа алды. Ғылыми жоба бойынша 4-сынып оқушылары Базарбай Ақдидар мен Сарсенбай Марғұлан республикалық «Зерде» ғылыми жобадан ІІ орын, 11-сынып оқушысы Мұқамбет Іңкәр Халықаралық ғылыми жобадан қола медаль иегері атанды. ҰБТ қорытындысы бойынша да жылдан жылға сапалы өсім бар, 2017-2018 оқу жылында орта ұпай 92 пайызбен аудан бойынша лицейден кейінгі орынды иеленді. 4-Алтын белгі, 6- Үздік аттестат иегерлері шықты. Грантқа құжат тапсырған 21 түлектің 18-і грантпен оқуға мүмкіндік алды. Жыл бойы жасалған жұмысты қорытындылау мақсатында аудан мектептеріне 20 критериймен рейтинг жүргізілген болатын.Нәтижесінде 3-орта мектеп ең үздік нәтиже көрсетіп «Жыл мектебі-2018» атағын және ауыспалы білім кубогын жеңіп алып бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ Байназарова Жанар Асылбекқызы «Үзік мектеп директоры» атанды.
2018 жылы Мұнайлы ауданының №3 орта мектебіне «Үздік ауыл мектебі» номинациясы бойынша жеке жетістіктері үшін Маңғыстау облысының әкімдігінің Алғыс хаты берілді.
Мектепте «Дебат» пікірсайыс клубы құрылды, жетекшісі А.Имашева, бұл клубтың құрылуының бір себебі жақында Есенов университетінің грантына республикалық дебат-пікірсайыс өткізілген болатын, соған 3-орта мектептің екі оқушысы Дүйсенғалиұлы Ақылжан мен Базарбаева Сәнімай қатысып, екеуі де грант жеңіп алды, біздің қатты қуанғанымыз, республика бойынша қатысқан 44 команданы жеңіп, 1-орынды Ақтау Назарбаев мектебі алса, екінші орынды қарапайым ауыл мектебі,яғни, біздің Баяндының командасы алды, үшінші орынды Ақтөбе Назарбаев мектебі жеңіп алды, бұл сайысқа неше түрлі лицейлер, түрік лицейлері, Назарбаев мектептері қатысқан болатын. Біздің екі оқушымыз суырылып алға шықты. Бізде осындай оқушылардың ізбасарлары тәрбиеленуде, клубқа сол оқушылар мүше болды. «Абай еліне саяхат» клубы құрылды, Абай шығармаларын терең танитын, үш тілде жаттап айтатын оқушылар шығады деп күтеміз. Серікболтану клубы құрылды. Бұл клубта жас ғалым оқушыларымыз өлке географиясын, тарихын, тілін, әдебиетін зерттеумен айналысады.
2017 жылдан басталған 100 кітап жобасы оқушылар мен ата-аналар қызығушылығын арттыруда, былтырғы оқу жылында жүйрік атанған 10-сынып оқушысы Мұхамеджан Шұғыла велосипед жеңіп алды.
2018-2019 оқу жылында Республикалық Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден 60 оқушы қатысып,18 оқушы жүлделі орындарға ие болса,облыстық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңіне 30 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлдегер атанды. Ал жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының Республикалық кезеңінде география пәні бойынша 10-сынып оқушысы Аманов Нұрбол қатысып 3-орынды иеленіп келді. Жетекшісі Байназаров Қуат.
2018-2019 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңі бойынша жеңімпаздары , облыстық түрлі танымдық сайыстардың жеңімпаздары арнайы «Мектеп мақтанышы-2019» төсбелгісімен марапатталса,
Мектебіміздің атағын Республика деңгейінде танытып, өзінің білім деңгейінің жоғары екенін дәлелдеген, 10-сынып оқушысы Аманов Нұрболды «Жыл оқушысы — 2019» төсбелгісіне ие болды.
Мектебіміздің ұстаздары аудан,облыс, республика көлемінде түрлі сайыстардан жүлделі оралып, қоғамның қай саласында да белсене араласуда, әсіресе, биылғы жастар жылында аудандық «Жас өркен » шығармашылық фестивалінде 3-мектептің шығармашылық ұжымы, жастары Бас жүлдеге ие болып, мектеп мерейін асқақтатты. Сондай — ақ, Үздік жүргізуші номинациясы бойынша Абдукаримова Марзия 1-орынға ие болса, Үздік əнші номинациясы бойынша Шыңдауылов Ғалымжан 2-орынды иеленді жəне Қазақ биі номинациясы бойынша Бишілер тобы 3-орынды қанжығаға байлады.
Аудандық «Тыныштық -тілегіміз, тұрақтылық — тірегіміз» атты жастар фестивалінде жас ұстаздарымыз Баянды ауылының абыройын қорғап Бас жүлдеге ие болды.
Математика пәнінің мұғалімі Хожбанов Хамит республикалық математикалық регатадан 3-орын иеленді. Биология пәнінің мұғалімі Жаппаров Жандос өз пәні бойынша облыстық олимпиадада 1-орын алса, география пәнінің мұғалімі облыстық «Үздік мектеп музейі» сайысынан 1-орын иеленді. Жылдағы дәстүріміз бойынша мектептің үздіктері анықталды, олар: «Үздік сынып жетекші» номинациясы Испулов Нурлыбекке, «Жыл мұғалімі-2019» номинациясы Байназаров Қуатқа, «Жыл оқушысы-2019» атағы Аманов Нұрболға берілді.
2018-2019 оқу жылы
Биылғы оқу жылында 2 «Алтын белгі», 2 Ерекше аттестат , 10 үздік куәлік иегерлері шығып отыр. «Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты…» деп М.Жұмабаев айтқандай төгілген тер, ерен еңбектер еленіп мектебіміз ең үздік нәтиже көрсетіп аудандық рейтинг бойынша «Жыл мектебі-2018» аталып, ауыспалы «Білім» кубогын жеңіп алып, бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, тарих пәні мұғалімі Қамысбай Құралай «Үздік тарихшы», физика пәні мұғалімі Шамғұлова Меруерт «Үздік зерттеуші», мектеп директоры Байназарова Жанар «Үздік мектеп директоры» атанды, тиісті сертификаттарын алды. Республикалық пәндік олимпиададан физика пәні бойынша 10-сынып оқушысы Мизамбай Самал – ынталандыру
(жетекшісі: Емешова Ж), 11-сынып оқушысы( жетекшісі: Қамысбай Қ) Дүйсенғалиұлы Ақылжан ІІ орын-күміс медаль жүлдесін иеленді.
Республикалық «Зерде» ғылыми жоба бойынша 4-сынып оқушысы Базарбай А мен Сәрсенбай М.( жетекшісі:Қасжанова З) ІІ орын, Халықаралық ғылыми жобадан 11-сынып оқушысы Мұхамбет І. ( жетекшісі: Шамгулова М) ІІІ орын-қола медаль жүлдесін иеленді. Облыстық деңгейге қатысқан 27 оқушының 20-ы жүлделі орындарды алды.
«Ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлғалар» жобасы аясында мектебімізде географ, публицист,этнограф-ғалым Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған, өлкемізді тану, туризм бағытында оқушылардың зерттеу жұмыстарын дамыту мақсатында «Серікболтану» клубы ашылып,кабинет жасақталды, екі жылдық жұмысының нәтижесінде мектебімізде ғалымның жарыққа шықпаған «Қазақ рәміздер жағырапиясы» атты мақаласы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, музей ашылды. Музейде қойылған экспонаттардың барлығы оқушы, ата-ана және мұғалім қолынан шықты. Бұл музейдің құндылығы өте жоғары. Мұнда өлкетану пәніне қажетті ақпараттар арнайы QR кодтар арқылы ғалымның түсіндірмесімен бейнебаяндар арқылы берілген. Музейіміз биылғы облыстық «Үздік мектеп музейі» сайысынан 1-орынды иеленді.
Оқушылардың танымдық деңгейін арттырып, өз ойын ашық айтуға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Дебат» пікірсайыс клубы жұмыс жасайды. 2018 жылы Ш. Есенов университетінің дәстүрлі ректор кубогіне арналған республикалық пікірсайыс турнирінде екі оқушымыз Дүйсенғалиұлы Ақылжан мен Базарбаева Сәнімай қатысып, республика бойынша жан-жақтан келген лицейлер мен Назарбаев интелектуалдық мектептерінен келген 44 команданың ішінен қарапайым ауыл мектебінің балалары екінші орын иеленіп екеуі де оқу ақысына 75 пайыз жеңілдік, яғни грант жеңіп алды. Бұл жеңіс оқушыларға да, ұстаздарға да шабыт сыйлады.
2019-2020 оқу жылы.
Мектебімізде соңғы 3 жылды салыстырсақ, оқыту мен оқу үдерісінің қай бағыты бойынша да( ғылыми жоба, түрлі сайыстар,олимпиада) ілгерілеушілік бар.(слайдта көрсету).Білім сапасының артуында да жүйелі өсім бар. Мектептен 10 «Алтын белгі»,12 «Үздік аттестат» иегерлері шықты.Жыл сайынғы мектеп бітіруші түлектеріміздің жоғарғы оқу орындарының грантын иелену көрсеткіші де артып келеді. Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының тұрақты шығуы, республикалық,халықаралық ғылыми жоба жеңімпаздары, ұстаздарымыздың аймақтық, республикалық сайыстардан орын алуы, «Жыл адамы-2019»,»Ерен еңбегі үшін» медаль иегерлерінің шығуы-нәтижеге бағытталған білім баспалдағымен сатылап көтеріліп келе жатырғанымыздың айғағы.
20 мұғалімнің сабағы республикалық «Үздік 100 сабақ» сабақтар топтамасында жарық көрді. Биылғы оқу жылын 1-11 сыныптарда 1791 оқушымен бітірді. 245 үздік, 568 екпінді шығып оқу сапамыз 45,39 пайыз болды. 3 оқушы Алтын белгі, 1 оқушы Үздік аттестат иеленді.
Биылғы оқу жылында Республикалық Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден 60 оқушы қатысып,18 оқушы жүлделі орындарға ие болса,облыстық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңіне 30 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлдегер атанды. Ал жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының Республикалық кезеңінде география пәні бойынша 10-сынып оқушысы Аманов Нұрбол қатысып 3-орынды иеленіп келді. Жетекшісі — Байназаров Қуат.
2020-2021оқу жылы
Биыл мектебімізді 64 түлек бітіріп отыр. 11 жыл бойғы оқу еңбектеріңіздің толағай жетістіктері бізді қуантады. 4 түлегіміз – «Алтын белгіге», 3 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.
Араларыңызда Аман Тілепберген мен Аминова Әсемай
республикалық пәндік олимпиаданың, ғылыми жобаның бірнеше дүркін жеңімпазы болып, мектеп қабырғасында алған білімінің сапасын көрсете білді. Биылғы мектебімізден 3 оқушының республикалық олимпиадада топ жарып, 1 алтын медаль , 2 қола медальға ие болуы үлкен жетістік еді.Республикалық үздік 100 мектеп қатарына еніп, оның ішінде «Ең үздік ауыл мектебі» атағы берілді.
Бұл атақ бізге кездейсоқ келген жоқ, 2017,2018 жылдары 2 рет ауданда «Үздік білім беру ұясы» атағын иеленіп, 2020 жылы облыста «Үздік жетекші мектеп» атандық, енді міне, биыл 2021 жылы республикада үздік ауыл мектебі атанып отырмыз.
2021-2022 оқу жылы
1-11 сыныпта 2157 оқушы және МАД топтарында 113 тәрбиеленуші бар. 350 білім алушы үшінші ауысымда білім алуда.
Кемел келешектің кепілі болған жастар сапалы білім мен саналы тәрбиені алтын ұя мектептен алатыны белгілі. 2021-2022 оқу жылы да біздің мектеп үшін еселі еңбектің жемісті жылы болды. Наурыз айында өткен республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне бес оқушы жолдама алған болатын. Қазақтан тарихы пәнінен 10-сынып оқушысы Медине Бақжан 3-орынды қанжығасына байласа, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Назарходжаева Жұлдыз 2-орын, 11-сынып оқушысы Төлегенова Гүлнұр 1-орын иеленді. Ең жоғары ұпай жинағанТөлегенова Гүлнұр «Абсолютті чемпион – 2022» номинациясына, ал жетекшісі Мухаммедова Гүлнар «Олимп шыңына жетелеуші – 2022» номинациясына және қаржылай сыйлыққа ие болды. Бұл, әрине, басқа қатысушылар үшін тамаша ынталандыру болды. Сәуір айында өткен республикалық кезеңіне жолдама алған екі оқушымыз тағы да жеңіс тұғырынан көрініп, облыс намысын абыроймен қорғады. Республикалық кезеңде 10-сынып оқушысы Назарходжаева Жұлдыз 3-орын,жетекшісі Піржанова Ж, 11-сынып оқушысы Төлегенова Гүлнұр,жетекшісі Мұхаммедова Г. 1-орынды қанжығасына байлады. Білім бәсекесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген дарынды оқушылардың жетістіктері – ұстаз еңбегінің айқын нәтижесі. Мектебіміздің абсолютті чемпионы 2 дүркін республикалық пәндік олипиадада алтын медаль алған Төлегенова Гүлнұр күні кеше өткен республикалық Абайтану олимпиадасында тағы да 1-орын иеленіп, үздік екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, Ш.Есенов университетінің ұйымдастыруымен өткен түлектерге арналған олимпиадада 3 оқушымыз Тоқтасынова Жансая,Досанова Ырыс, Балмағанбетова Мөлдір 75 және 50 пайыз грант жеңіп алса, бастауыш сынып мұғалімі Жидебаева Жаңылсынның баптаған 4-сынып оқушысы Аймұрат Інжу Республикалық «Зерде» ғылыми жобасының 3- орын жүлдегері атанды. «Ұлттық мектеп лигасы» Республикалық турниріне жыл сайын оқушылары жүлдемен оралатын Умаров Лесбайдың дайындаған командасы биыл да асық ату мен бес асықтан 3-орынға ие болды. Оқушыларымыз мектеп абыройын осылай асқақ етсе, ұстаздар қауымы да түрлі сайыстардан бақ сынап жеңімпаз атанды. Математика-физика мұғалімдерінің VІІІ Халықаралық олимпиадасына қатысқан Хожбанов Хамид жүлдегер атанса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уркинбаева Гүлнұр ХХІ ғасырдың «Алаштың ақ жолы» республикалық байқауында 1- орын иеленіп, 400 мың теңге көлемінде сертификат алды. Биылғы оқу жылында облыс әкімінің грантына ие болған Мұхамедова Гүлнарға «Дарынды балалар жетекшісі» номинациясымен бірге 500 мың теңге көлемінде арнайы сыйақы берілсе, облыстық «Үздік педагог» атанған тарих пәнінің шебер мұғалімі Қамысбай Құралайға 800 мың теңге көлемінде облыс әкімінің арнайы сыйақысы берілді және жыл сайынғы халықаралық,респубилкалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда оқушылары жетістікке жеткен мұғалімдерді көтермелеу мақсатында облыстық білім басқармасының бір жолғы сыйақы беру туралы арнайы бұйрығына сәйкес биыл да екі мұғаліміміз Піржанова Жадыра мен Мұхаммедова Гүлнарға сыйақы берілетін болады. Былтырғы нәтиже бойынша да екі мұғалімді осылай көтермелеген болатын. Мұның барлығы ұстаздарға деген құрметтің бір бөлшегі ғана.
Биыл мектептен 1 «Алтын белгі»,5 «Үздік аттестат» иегерлері шықты. Биылдың өзінде білім беру грантына өтініш берген 39 түлектің 37-і грант иегері атанды.
2021-2022 оқу жылына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша мектебіміз Қазақстанның ең үздік 100 олимпиадалық мектептерінің тізімінен тағы бір мәрте көрінді, 2020-2021 жыл қорытындысында республикалық «Ең үздік ауыл мектебі» атанған болатынбыз.. Сонымен қатар былтырғы жетістіктер рейтінгісі бойынша аудандағы мектептер арасынан Үздік мектеп атағын иеленіп отырмыз.
Білім ордасының қай-қайсы да білікті маман-кадрлармен ерекшеленеді.Мектеп ұжымында 208 мұғалім бар. Мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Қуат Байназаров- Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісін иеленді.Биылғы жылы Облыстық білім басқармасының басшысы бұйрығына сәйкес, республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін 2 мұғаліміміз Піржанова Жадыра мен Мұхамедова Гүлнарға 3 лауазымдық жалақы мөлшерінде бір жолғы сыйақы берілді.
БІРІНШІ БАҒЫТ: Оқушылардың білім сапасын арттыру,ынталандыру.
Білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдер мен оқушылар және әр сынып алдарына сапа межесін қойды, яғни 1-тоқсандағы оқу сапасын жыл соңына дейін түсірмей жүйелі арттыру міндеттелді. Бұл күрделі жұмысты қадағалап,бақылау, қорытынды жасау- мектеп әкімшілігі мен өзін-өзі басқару тобы мүшелеріне тапсырылды. Тоқсан сайын бақылау жұмыстары алынып, мониторинг жасалады. Білім сапасы төмендеген сыныпта сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) бойынша жұмыс жүргізіледі. Мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын 3-топ өз жүмыстарын жалғастыруда. Жыл соңында сапасы жоғарылаған сыныптарға ауыспалы кубок берілді және дарынды оқушыларға «Мектеп мақтанышы», «Жыл оқушысы» секілді арнайы төсбелгілермен марапатталады. Мектептің білім сапасы соңғы 3 жылда 46,4%-дан 55,6%-ке өсті. Облыстық ,республикалық олимпиада жеңімпаздары тұрақты түрде шығуда.
ЕКІНШІ БАҒЫТ: Ұстаздардың кәсіби деңгейін арттыру.
Мектепте 3 шебер, 15 зерттеуші, 57 сарапшы,59 модератор, жоғары-3,1-санат 3, 2-санат-14 және санатсыз 61 мұғалім бар. 36,6 пайыз. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін мектебімізде бірнеше облыстық , аудандық деңгейлерде семинарларды жиі өткізетін мектеппіз.Семинарларда үнемі өз мектебіміздің мұғалімдердің шеберлігін шыңдау мақсатында сабақ өткізуіне назар аударамыз.
Облыстық «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу-тәрбие үдерісінде блум таксономиясын тиімді қолдану» тақырыбындағы семинарға 100-ге жуық мұғалімдер қатысты. Семинарда жаңартылған білімді өз тәжірибесінде үздік қолданып жүрген мектебіміздің 18 мұғалімі қонақтарды тың жаңалықтарымен таныстырды. Өздерінің үздік деп санаған әдіс-тәсілдерін ұсынып, блум таксономиясы арқылы жетістікке жету мүмкіндігін көрсетті.
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерімен бірге»Жаңартылған білім беруде пәндерді тиімді оқыту жолы» тақырыбында серіктес мектептерге семинар өткіздік.
біздің мектептен 40 мұғалім командалық сабақ көрсетті. Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерімен бірлесе тәжірибе алмасу-біздің мұғалімдерге тың серпін бергені анық.Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Облыстық жетекші мектептер арасында өткізілген «Үздік жетекші мектеп» байқауынан ІІ орын алуымыз және екі жыл қатарынан ауданда «Үздік орта мектеп» атануымыз-мектеп ұжымының ынтымақтасқан еңбегінің арқасы.
2020 жылдың 06 қараша күні Атырау облыстық педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткен Аймақтық форумда «Серіктес мектептердің жұмысын тиімді үйлестірудегі жетекші мектеп рөлі.» тақырыбында іс-тәжірибемізді тараттық. Жетекші мектеп ретінде 2020 жылдың 25 қараша күні ауданымыздағы №6 және 8 мектептерден 5 мұғалімнен шақыртып офлайн түрде «Табысты мектеп: бастама және тәжірибе» тақырыбында семинар өткізіп,осының ішінде жаңа биоақпараттық және синергетика технологиясын сабақта тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін арттырудағы осындай жұмыстардан кейінгі жеткен жетістіктеріміз де көз қуантады. Тек қана республикалық деңгейдегі жетістіктерге тоқталсам,
Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасына қатысқан
Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және 14 облысынан келген 19 команданың ішінен құрамында мектебіміздің математик мұғалімі Хожбанов Хамит қатысқан Маңғыстау командасы жүлделі ІІІ орынға ие болып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды
Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қалалық филиалы Маңғыстау облысының жетекші мектептері арасында ұйымдастырылған «Үздік жетекші мектеп» сайысында Ағзира Қуат, Имашева Алтынай, Емешова Жамила сынды тренерлеріміз қорғаған жұмыс 2 -орынға лайық деп танылды.
Аудандық «Жас өркен » шығармашылық фестивалінде «Біржан-Сара» операсын сахналаған мектептің шығармашылық ұжымы, жастары Бас жүлдеге ие болып, мектеп мерейін асқақтатты. Сондай — ақ, Үздік жүргізуші номинациясы бойынша Абдукаримова Марзия 1-орынға ие болса, Үздік əнші номинациясы бойынша Шыңдауылов Ғалымжан 2-орынды иеленді жəне Қазақ биі номинациясы бойынша бишілер тобы 3-орынды қанжығаға байлады
Аудандық «Тыныштық -тілегіміз, тұрақтылық — тірегіміз» атты жастар фестивалінің де Бас жүлдесі біздің мектеп командасына бұйырды.
Облыстық «Үздік мектеп мүзейі» байқауының «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» номинациясы бойынша мектебіміздің Серікболтану клубының жетекшісі Байназаров Қуат 1-орынға ие болды.
Аудандық Ә.Кекілбайұлы шығармашылығы бойынша өткен «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» атты байқауда «Махаббат мұнарасы» шығармасынан көрініс қойған мектебіміздің жас мамандары жүлделі 2 орынды қанжығалап қайтты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қарашадағы жарлығы бойынша тарих пәні мұғалімі Қамысбай Құралай Нұртайқызы «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленсе, география пәнінің мұғалімі Қуат Байназаров облыс әкімі Серікбай Трұмовтың қолынан «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ 2019» марапатын алса, 2020 жылы республикалық «Үздік педагог» сайысының жеңімпазы ретінде арнайы 1000 АЕК сертификатына ие болды. Тарих пәнінің шебер мұғалімі Қамысбай Құралай Нұртайқызы «Ерен еңбегімен» медалімен марапатталды.
Ұжымды ынталандыру, моральдық, материалдық тұрғыдан марапаттау жұмыстары жүйелі жолға қойылды. Өйткені мұғалімнің өлшеусіз еңбегі -жоғары бағаға лайық. Мектепішілік «Жыл ұстазы», «Жыл оқушысы», «Жыл сынып жетекшісі», «Жылдың ең үздік мұғалімі», «Үздік оқу бөлмесі» т. Б. номинациялар бойынша мұғалімдерді марапаттау және ынталандыру шараларын жыл сайын өткізу мектептерде дәстүрге айналды.
ҮШІНШІ БАҒЫТ: Оқушылардың таным деңгейін кеңейту де оқушының білім сапасын арттыруға қосар үлесі көп.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын көтеру мақсатында мектебімізде 3 танымдық жоба іске асырылады.
1-жоба — «100 кітап»
2017-2018 оқу жылынан бастап қолға алынған «100 кітап» жобасына ата-аналар, кәсіпкерлер қолдап, демеушілік жасады. Кітап оқудан жеңімпаз болған оқушылар бағалы сыйлық иесі атанады.
Шығарма кейіпкерлерін талдап, әр түрлі тақырыпта пікірсайыстар өткізуге дағдыланған оқушылардан «Зияткер» дебат клубы жұмыс жасайды.
Ш.Есенов университетінің ректор кубогіне арналған республикалық турниріне қатысып тұрамыз. Бұл турнирге үнемі Назарбаев мектебінің оқушыларынан құралған командалар қатысады. Солардың ішінен ауыл мектебінен шыққан 2 клуб мүшесі Ш.Есенов университетінің ректор кубогіне арналған республикалық турнирде 2-орын иеленіп, 75% грант жеңіп алған болатын.
Биылғы республикалық деңгейдегі пікірсайыс турнирінің «Үздік спикері» де біздің мектептің оқушысы Реймов Нұржау болды.
Бұл жоба қашықтықтан оқыту кезінде де жүзеге асырылды, оқушылар оқыған шығармаларынан бейнероликтер, буктрейлер жасады.
2-жоба — «Жас ғалымдар»
Оқушылардың ғылыми жоба зерттеу жұмыстарын дамыту мақсатында географ, публицист,этнограф-ғалым Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Серікболтану» клубы ашылып,кабинет жасақталды. Мектепте «Серікболтану» факультатив сабақтары өткізіледі.Екі жылдық жұмысының нәтижесінде ғалымның жарыққа шықпаған «Қазақ рәміздер жағырапиясы» атты мақаласы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, музей ашылды. Музейде қойылған экспонаттардың барлығы оқушы, ата-ана және мұғалім қолынан шықты. Бұл музейдің құндылығы өте жоғары-мұнда өлкетану пәніне қажетті ақпараттар арнайы QR кодтар арқылы ғалымның түсіндірмесімен бейнебаяндармен берілген. Музейіміз облыстық «Үздік мектеп музейі» сайысынан 1-орынды иеленді. Бұл жөнінде қазір республикалық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп музейі туралы онлайн сабақ өтіп жатыр. Яғни республикаға біздің музейіміздің кеңінен танылғанына қуаныштымыз..
3-жоба — «Мектеп телестудиясы»
Журналистік мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылар айына бір рет мектебіміздің жаңалықтар топтамасын жүргізіп,көпшілікке ұсынады. Мұнда тележүргізушілік мамандығының қыр-сырымен танысып,жұртшылық алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Оқушылар өз бағдарламасын жүргізу үшін мектеп жаңалықтарын жинақтап, өз деңгейінде мәтін дайындайды. (Кезекті мектеп жаңалықтарынан үзінді көрсету) Биыл оқушылар арасынан
ТӨРТІНШІ БАҒЫТ: Білімді ұлттық салт-дәстүрмен, ұлттық құндылықтармен ұштастыру.
Мектепте «Домбыра-дастан», асық ату, шебер қолдар үйірмелері де табысты жұмыс жасайды.
Асық ату мен бес тас ойынын дәріптеп жүрген мектеп командасы 3 жыл қатарынан республикалық сайыстардан І орын алды.
Оқушылар қолынан шыққан ұлттық бұйымдар облыстық, республикалық көрмелерден жүлделі орындарға ие болып келеді.
«Домбыра-дастан» домбырашылар ансамблі құрылды.
Сонымен қатар, балалардың жүрегіне қасиетті күйдің құдіретін сіңіру үшін қоңырау дыбысына күй әуені ойнатылады.
Мектептің бірінші қабатында қазақтың киіз үйі орналастырылды,ұлтымыздың қолөнер туындылары мен өлкеміздің тарихы, табиғаты, әдет-ғұрпы туралы, ауылымыздың тарихы, мектеп тарихынан оқушыларға кеңінен мәліметтер берілді.
Биыл қазақ ұлтының қыз балалар тәрбиесіне байланысты даналық қасиеттерін дәріптеу мақсатында «Қыз қылығымен» тақырыбында онлайн тәлім сағаттар жобасын іске қостық.
БЕСІНШІ БАҒЫТ: Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Мектебімізде оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар бірлесіп, ауылдағы жалғызілікті қарттар үйіне және аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық шараларын үнемі жүргізіп отырады. Мұндай шаралардың оқушылардың бастама көтеруімен өткізілетінін атап өткен жөн,
Кез келген мәселенің екі жағы болатыны белгілі. Жоғарыда аталған шаралар оқушыларды ой-өрісі кең, еркін ойлы, сыни тұрғыдан ойлай алатын жан-жақты сауатты тұлға қалыптастыруда жаңартылған білім беруге бағытталған жұмыстардың бір тобы ғана.
Алайда, мектебімізде кездесетін мәселелерге талдау жасай келе нені жетілдіру керектігін де анықтадық.
Мектептің даму деңгейіне жасалған SWOT талдау.
S күші жақтары
— Ынтымақтасқан ұжым.
— Кадрдің сапалық құрамының жақсы болуы.
— мектепте 4 тренердің болуы, зерттеу топтарының,шығармашылық топтың жұмысы бар.
— Оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығы бойынша қосымша танымдық жобалар ұйымдастырылған.Мысалы «100 кітап», «Серікболтану», «Дебат» клубы, «Ұлттық ойындар»( 4 дүркін республика жеңімпаздары) тб.
— Үш тілде оқытатын мамандар даярлануы.
— Мұғалімдер арасында кәсіби желілік бар.
-жетекші мектеп ретінде кәсіби даму бар.
W әлсіз жақтары
— Әлі де жаңашылдықты қолдануы жеткіліксіз мұғалімдердің болуы.
— Педагог мамандардың өздігінен кәсіби өсуіне ұмтылыстың жеткіліксіздігі.
— Мұғалімдердің бастамашылдығының төмендігі, орындаушылығының басымдығы.
-Үш тілде оқытатын мамандардың кәсіби деңгейі.
-Барлық кабинетте АКТ-мен толық қамтамасыз етілмеуі
— оқушылардың пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларда дайындауда мұғалім белсенділігі мен әдістемелік деңгейінің жетпей жатуы.
O мүмкіндіктері
— Басқарудың жаңашыл әдістерін іздеу, қолдану.
— Педагог үшін кәсіби өсу жүйесін қамтамасыз ету, мұғалімдердің жаңа форматта біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыру. НЗМ мектебімен кәсіби байланысты күшейту.
— Жаңа идея ұсынушы, бастамашыл мұғалімдерді ынталандыру.
— Үш тілділікке байланысты біліктілігін арттыру, өзара бәсекелестік туғызу.
— материалдық базаны жабдықтауға қаржы бөлімі, білім бөліміне сұраныс.
-Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыруда менторлық топ құру.
T қауіп—қатер
— оқушы санының артуы нәтижесінде мектепте сынып кабинеттерінің жетіспеушілігі, мектептің 3 ауысымға көшу ықтималдылығы