Skip to content

Аудандық “Бастау” математикалық олимпиадасында 2-сыныптар арасында Досғали Иманғали жүлделі ІІ орынға ие болды

Жетекшісі: Нурмухаммедова АққұбашБілімді шәкіртімізді және жетекшісін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарынға алдағы уақытта биік белестер мен толағай табыстар тілейміз.

Аудандық «Бастау» математикалық олимпиадасында 4-сыныптар арасында мектебіміздің оқушысы Амандық Кәусар жүлделі ІІІ орынға ие болды

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Қасжанова Зағипа.Олимпиада барысында оқушымыз білімін, логикалық ойлау қабілетін және есеп шығару шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл жетістік – табандылық пен жүйелі дайындықтың, ұстаз еңбегінің нәтижесі.Жүлдегерімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Аудандық «Бастау» математикалық олимпиадасында мектебіміздің 3-сынып оқушысы Серікбай Рамазан жүлделі ІІ орынға ие болды

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Басанова Жадыра.Олимпиада барысында оқушымыз логикалық ойлау қабілетін, математикалық сауаттылығын және білім деңгейін жоғары дәрежеде көрсетті. Бұл – жүйелі дайындық пен ұстаз еңбегінің нәтижесі.Жүлдегерімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!

Республикалық 8–11 сынып оқушылары арасындағы «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Заманның заңғар тұлғасы» номинациясы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Алеуатдинова Айнура жүлделі ІІІ орынға ие болды

Жетекшісі: Аяп Үйтолған.Байқау барысында оқушымыз ақын мұрасын терең меңгеріп, көркем сөз оқу шеберлігі мен шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл – білімге деген құштарлық пен ұстаз еңбегінің нәтижесі.Жүлдегерімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестер мен шығармашылық табыс тілейміз!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының ұйымдастыруымен өткен Ұлттық спорт Асық ату, Бес асықтан облыстық 9,10,11 сынып оқушылары арасында Алтын сақа олимпиадасы өтті

Мұнайлы ауданы намысын қорғаған мектебіміздің оқушылары төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:Асық ату бойынша 10-сыныптар арасында Несипбай Досан 3-орын;Асық ату бойынша 9-сыныптар арасында Байрамбаев Диас 1-орын;Бес асық бойынша 9-сыныптар арасында Тоқтарбай Жанерке 1-орын.Және де мектебіміздің бұрынғы оқушысы Байрамбай Жанерке Бес асық бойынша 10-сыныптар арасында 2-орын иеленді. Жалпы… Read More »Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының ұйымдастыруымен өткен Ұлттық спорт Асық ату, Бес асықтан облыстық 9,10,11 сынып оқушылары арасында Алтын сақа олимпиадасы өтті

Аудандық «Бірпалаталы Парламент: қолдаймын/қарсымын» тақырыбындағы дебат ойынында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Токмурзаев Асылбек белсенділік танытып, пікірсайыс барысында жоғары кәсіби деңгейін көрсетті

Қатысушылардың ойын әділ саралап, нақты критерийлер негізінде бағалау жүргізіп, шешендігі мен сараптамалық қабілетінің арқасында «ҮЗДІК ТӨРЕШІ» номинациясымен марапатталды.Бұл – ұстаз еңбегінің, білім мен біліктіліктің, әділдік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.Әріптесімізді жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз

Аудандық «Тілші мұғалімдер» байқауында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Аманкулова Камшат кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды

Байқау барысында әріптесіміз тілдік құзыреттілігімен, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануымен және педагогикалық шеберлігімен ерекшеленді.Бұл жетістік – ұстаз еңбегінің жемісі мен білім сапасына деген жауапкершілігінің айқын дәлелі.Құрметті Камшат ханымды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және толағай жетістіктер тілейміз!

Бейнеу ауданында өткен Ұлттық мектеп лигасының 7-8 сынып қыздар арасында өткен Облыстық жарысында Бес асық бойынша Мұнайлы ауданы намысын қорғаған мектебіміздің оқушылары топ жарып жүлделі 2-орынға ие болды

. Команда құрамында: 8 “Ғ” сынып оқушысы Танжар Қарақат және 8 “Ж” сынып оқушылары Аллаберген Ақсезім мен Рузан Дария өнер көрсетті.Жарыс қортындысы бойынша барлық қарсыласынан басым түскен оқушымыз Танжар Қарақат “Үздік ойыншы” номинациясының иегері атанды.Жетекшілері: Умаров Илесбай, Усенов Муратбай

2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсында математика секциясы бойынша мектебіміздің 6 сынып оқушысы Ковлан Айдос Маңғыстау облысының намысын қорғап, жүлделі ІІ орынға ие болды

2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсында математика секциясы бойынша мектебіміздің 6 сынып оқушысы Ковлан Айдос Маңғыстау облысының намысын қорғап, жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл ізденіс пен табандылықтың,жүйелі еңбектің айқын нәтижесі Жетекшісі:Телешбай Жаңылай Қайратқызы