“1000 бала – бір мақсат: денсаулық пен сергектік!”
Мектебімізде директорымыз Асамадинова Гульжан Ергалиевна бастамасымен ауқымды таңғы жаттығу өтті. Бұл шараға 1000 оқушы белсене қатысып, күнді сергектікпен бастады.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
– дене белсенділігін арттыру;
– денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру.
Жаттығу барысында балалар ерекше қуат алып, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа күнге қадам басты 🌟