Апталықтың екінші күнінде «Есенғали Бөкенбаев оқулары» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 5-8 сынып оқушыларынан 14 оқушы қатысып, ақынның шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыды. Сайыс мақсатына сай оқушылар Е.Бөкенбаевтың шығармашылығымен терең танысып, көңілдеріне түйді. Сайыс қорытындысы бойынша 6 ғ сынып оқушысы Іңкәрбаева Ақсәуле бас жүлдеге, 5 ә сынып оқушысы Аққали Нұржау 1-орынға, 7 а сынып оқушысы Шаханова Гүлсара 2-орынға, 5 е сынып оқушысы Аманбай Балым 3-орынға ие болды

