Алақандай ауылдың білімді, дарынды оқушылары соңғы үлгіде жасақталған республикалық мектепте оқи алады.
Ол үшін 9-сынып оқушылары физика, математика, ағылшын тілі және белгілі бір тақырыпқа эссе жазу бойынша 4 пәннің біреуін таңдау арқылы олимпиадаға қатысып, білімдерін сынға салуы керек.
3 кезеңнен тұратын « IQANAT» республикалық олимпиадасына облысымыздан 1708, ауданымыздан 800-ге жуық, мектебімізден 144 оқушы қатысты. Ережеге сай әр ауданға 5 гранттан бөлінген. Білімділер бәсекесінен
оза шыққан оқушылар Көкшетау қаласындағы Бурабай демалыс орталығында дарынды оқушыларға арналған мектеп-интернатында тегін білім алады.
Аталмыш білім ошағында еліміздің үздік мұғалімдері сабақ береді және «IELTS» тестілеуіне тегін дайындықтар жүргізіледі.
Осы олимпиадада мектебіміздің, ауданымыздың, облысымыздың намысын қорғаған 2 оқушымыз топ жарды.
Алтын ұямызда 9 сыныпты тәмамдаған Ернұр Төлегенов «IQANAT» олимпиадасының 3 кезеңінен де сүрінбей өтіп, Көкшетау қаласындағы мектеп-интернаттың грант иегері атанып, оқуын жалғастырып жатыр.
Ал, Ақзия Насырулла 23-26 қыркүйек аралығында Алматы қаласы, Қапшағай демалыс орнында олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.
Қарапайым ауыл мектебінен шыққан оқушыларымыз мектебіміздің, ауылымыздың абыройын республика көлемінде асқақтатқаны үшін ата-аналарына және мектеп ұстаздарына алғыс айтамыз.
Бұл 9 сынып оқушыларына таптырмас мүмкіндік. Сондықтан «IQANAT» олимпиадасына белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

