«Үздік педагог» республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалықіс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.
«Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңіне Маңғыстау облысынан мектепке дейінгі, жалпы білім беру және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының 8 педагогы жолдама алды.
Шара барысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов дәстүрге айналған «Үздік педагог» танылған педагогтарды төл мерекесімен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 5 педагог жеңімпаз атанды. Олар:
Байназаров Қуат Кеңгесұлы Мұнайлы, ауданы №3 орта мектептің география пәні мұғалімі;
Ізтурганова Майра Аманжанқызы, Маңғыстау ауданы Шетпе гимназияның музыка пәні мұғалімі;
Сүлейменова Қарлығаш Амангелдықызы, Мұнайлы ауданы «Қызылтөбе» лицейінің физика пәні мұғалімі;
Қарабасова Жамила Джанабайқызы, Ақтау қаласы Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің «Машина жасау технологиясы» мамандығының арнайы пән оқытушысы;
Мұратова Батис Альпысбайқызы, Ақтау қаласы Маңғыстау туризм колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы.
Жеңімпаздар «2020 жылдың ұздік педагогі» төс белгісі, куәлік, сондай-ақ 1000 АЕК (2 778 000 теңге) сомасында сыйақы табыс етілді.


