Skip to content
Басты бет » ҮЗДІК ПЕДАГОГ — 2020

ҮЗДІК ПЕДАГОГ — 2020

Әрбір мұғалім тек балаға білім мен тәрбие беріп қана қоймай, педагогика саласының маманы ретінде үздіксіз дамып отыруы керек.

Білімі мен тәжірибесін түрлі сайыстар мен байқауларда сынға салып, көп ішінен даралануы тиіс.

Үнемі ізденіп, тынымсыз еңбек еткенде ғана жетістікке жетуге болады.

Мұнайлы ауданы, №3 орта мектепте қызмет ететін Байназаров Қуат Кенгесович сондай ұстаздардың бірі және бірегейі.

Оқушылары республикалық додаларда топ жарған, өзі де түрлі сайыстардың бас жүлдесін ешкімге бермейтін маман. Конференциялар мен семинарларда сөз алып, жиған тәжірибесін әріптестерімен бөлісуден ешқашан жалыққан емес.

Осындай еңбегі ақталып,  білім беру ұйымдарының 2020 жыл бойынша үздік педагогі атанып, 2 778 000 теңгенің сеотификатын иеленіп отыр. Бұл алақандай ауыл мектебі үшін биік мәртебе, ондағы ұстаздар үшін мықты мотивация.

Өз салаңның шебері екеніңді  дәлелдеу үшін мықты мектепте жұмыс істеу маңызды емес. Ең бастысы, білімің мен тәжірибең сапалы болса жеткілікті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *