Мұғалімдер күні қарсаңында “Express publishing” баспасы мен “Edu Stream” оқу орталығы ұйымдастырған Республикалық “Don’t worry, be a teacher” сайысында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түзелбай Абай Алшынұлы «Экран жұлдызы — креативті педагог» аталымын жеңіп алды.
Аталмыш сайысқа еліміздің 100-ден астам ұстазы қатысты. Солардың арасынан үздік ондыққа енген жас маман ғаламтор пайдаланушыларымен қатар, қазылар алқасының оң бағасынан үлесті болды.
Сайыс Алматы қаласында қорытындыланып, жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
