25-30 сәуір күндері аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада топ жарып, мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушыларымызды салтанатты түрде қарсы алдық. Осы олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанның 115 ең үздік олимпиадалық мектептер қатарынан көріндік. Атап айтар болсақ қазақстан тарихы пәні бойынша Аман Тілепберген 3-орын, жетекшісі: Қамысбай Құралай, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Аминова Әсемай 3-орын және Төлегенова Гүлнұр 1-орын, жетекшісі: Мухаммедова Гүлнар жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымызды бәйгеге қосатын тұлпардай баптаған үздік жетекшілерімізге мың алғыс.