Skip to content
Басты бет » «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын -алу» тақырыбында жиналыс

«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын -алу» тақырыбында жиналыс

«№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ – де 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларына зорлық зомбылықтың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша жиналыс өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры  Ж.Байназарова  өз сөзін оқушыларға  өмірге деген құштарлық туралы, алға қойған арман-мақсаттары туралы әңгімелесуден бастады.

«№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ – де 2022-2023 оқу жылындағы  1 тоқсанының аяқталуына байланысты ДТЖО Ж.Измагамбетова  мектеп инспекторы Б.Курганбаев пен полиция капитаны А.Мусаев 9-10-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар алдағы күзгі каникул уақытында  ауыл ішінде рейдтік шаралар өткізілетіндігін айтып өтті. Қазіргі қоғамда өршіп тұрған басты мәселелердің бірі — бұл кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, суицид, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық  фактілерінің басым орын алып жатқанын және алдын алу бойынша   беймезгіл уақытта ауыл ішінде түнгі сағат 22:00 ден кейін үлкендердің қадағалауынсыз жүруге болмайтыныда ескертілді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *