15.10.2025ж Кәсіптік бағдар беру жұмысының қазан айының жоспарына сай 5-сынып оқушылары арасында “Мамандықтар әлемі” тақырыбында постер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — оқушылардың мамандықтар туралы танымдық көзқарасын кеңейту, өз қызығушылығы мен қабілетіне сай мамандық таңдауға бағыт- бағдар беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сайыс барысында 1-орынға 5 “з” сыныбы, 2-орын 5 “д” сыныбы, 3-орын 5 “в” сыныбы ие болды. Сонымен бірге “Ең креативті постер” номинациясымен 5 “г” сыныбы, “Шығармашылық шеберлік иесі” номинациясымен 5 “ж” сыныбы марапатталды.Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамыз
Басты бет » 15.10.2025ж Кәсіптік бағдар беру жұмысының қазан айының жоспарына сай 5-сынып оқушылары