12.03.2026 ж. күні мектеп асханасының жұмысын бақылау мақсатында аудандандық комиссия тарапынан мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында дайындалған тағамдардың сапасы, олардың дайындалу технологиясының сақталуы және санитарлық талаптардың орындалуы қарастырылды. Сонымен қатар тағамдардың дәмдік сапасы мен сыртқы көрінісіне де ерекше назар аударылды.
Комиссия мүшелері ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігін тексеріп, асхананың жұмысына тиісті бағасын берді. Мониторинг нәтижесінде ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта да оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасатын болады.