Асхананың санитарлық-тазалық жағдайы тексерілді. Тексеру нәтижесінде асхана аумағының, ас дайындайтын және тамақ тарататын орындардың санитарлық талаптарға толық сәйкес екені анықталды. Ыдыс-аяқтар таза, сынған немесе жарамсыз ыдыстар анықталған жоқ.
Асхана қызметкерлері арнайы киіммен қамтамасыз етілген, жеке гигиена талаптарын сақтайды. Оқушыларға күнделікті бекітілген мәзірге сәйкес тамақ ұсынылады. Тағамдардың сапасы мен дәмі жақсы, тағамдар уақытында дайындалып, талапқа сай беріледі.
Тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен таңбалануы толық тексерілді, сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Жалпы алғанда, асхананың тазалығы мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруы санитарлық талаптарға сай, жақсы деңгейде деп бағаланды.