Skip to content
Басты бет » «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсету туралы

«Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсету туралы

2026 жылғы 27 тамыз күні мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық барысында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

«Мектепке жол» акциясының негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету, олардың жаңа оқу жылына толыққанды дайындалуына жағдай жасау, білім алуға деген қызығушылығын арттыру және балалардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.

Акция аясында мектебіміздің әлеуметтік педагогы тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың тізімі нақтыланып, олардың қажеттіліктері зерделенді. Оқушылардың мектеп формасына, оқу құралдарына және басқа да қажетті заттарға деген қажеттіліктері анықталды.

Осы қайырымдылық шарасына жеке кәсіпкер демеушілік жасап, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға қаржылай көмек көрсетті. Көрсетілген қаржылай көмек оқушылардың жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарын, мектеп формасын және басқа да оқуына қажетті заттарды сатып алуына жұмсалуға бағытталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *