Skip to content
Басты бет » Мектеп мақтаныштары » Page 5

Мектеп мақтаныштары

Құттықтаймыз!

5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде Ағылшын тілі пәні бойынша 5 сынып оқушысы Шурки Азиза ІІІ орынға ие болды.Жетекшісі: Алиева Малика.Жас талантты оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тілейміз!

Аудандық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар форумында «EcoСraft: Экологиялық қолөнер» номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Джамбулов Бекарыс ІІ орынға ие болды

Жетекшісі: Нурболатова Гулжаннат.Жас талантты оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!Болашақта да жаңа жетістіктер тілейміз!

Құттықтаймыз!

«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңінде «Жас мобилограф» номинациясы бойынша 11 сынып оқушысы Ибрайым Серік ІІ орынға ие болдыЖетекшісі: Қаржаубаева Амангүл💫

Аудандық робототехникадан «Robotek Grand Tournament» чемпионатының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды

«Инверсті сызық бойымен жарыс» категориясы бойынша ІІ орын 5-сынып оқушылары Айтқали Мансур, Аман Өсер.«Мерген» категориясы бойынша ІІ орын 8-сынып оқушылары Ажниязов Бекзат, Назар Нұртас.Жетекшісі:Каймир Мадина.Оқушыларымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз.

Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының аудандық кезеңінде «Сабақ аяқталған соң» бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын химия пәні мұғалімі Қаржаубаева Амангульді шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік — ұстаздың кәсіби ізденісі мен шығармашылық шеберлігінің, жаңашыл идеяларының нәтижесі. Педагогикалық тәжірибені дамытуға қосқан үлесі – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.Қаржаубаева Амангульге алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсім және жаңа белестер тілейміз!Жетістіктеріңіз еселене берсін! 👏📚

Аудандық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»жас мамандар сайысында ағылшын тілі пәні мұғалімі Камбарова Гүлдана жүлделі ІІІ орын

Әріптесімізді осы толағай жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!Жас маман ретінде көрсеткен белсенділігі мен біліктілігі – ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш.Камбарова Гүлданаға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсім және жаңа жеңістер тілейміз!

Мағжан оқулары республикалық сайысының аудандық кезеңінде«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» ғылыми жобалар бағыты бойынша9-сынып оқушысы Сәтібай Әділханжүлделі ІІІ орынға ие болды.

Жетекшісі: Аяп ҮйтолғанЖеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін құттықтай отырып, ғылыми ізденістеріне табыс, шығармашылық шабыт және алдағы байқауларда жоғары жетістіктер тілейміз.

Аудандық “Бастау” математикалық олимпиадасында 2-сыныптар арасында Досғали Иманғали жүлделі ІІ орынға ие болды

Жетекшісі: Нурмухаммедова АққұбашБілімді шәкіртімізді және жетекшісін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарынға алдағы уақытта биік белестер мен толағай табыстар тілейміз.

Аудандық «Бастау» математикалық олимпиадасында 4-сыныптар арасында мектебіміздің оқушысы Амандық Кәусар жүлделі ІІІ орынға ие болды

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Қасжанова Зағипа.Олимпиада барысында оқушымыз білімін, логикалық ойлау қабілетін және есеп шығару шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл жетістік – табандылық пен жүйелі дайындықтың, ұстаз еңбегінің нәтижесі.Жүлдегерімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!