Аудандық «Бастау» математикалық олимпиадасында мектебіміздің 3-сынып оқушысы Серікбай Рамазан жүлделі ІІ орынға ие болды
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Басанова Жадыра.Олимпиада барысында оқушымыз логикалық ойлау қабілетін, математикалық сауаттылығын және білім деңгейін жоғары дәрежеде көрсетті. Бұл – жүйелі дайындық пен ұстаз еңбегінің нәтижесі.Жүлдегерімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!