Skip to content
Басты бет » 09.01.2026 жылы аралық сыныптардың ас мәзіріне, асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына және білім алушыларға бір реттік беріліп жатқан ыстық тамақтың сапасы мен мөлшеріне тексеру жүргізілді

09.01.2026 жылы аралық сыныптардың ас мәзіріне, асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына және білім алушыларға бір реттік беріліп жатқан ыстық тамақтың сапасы мен мөлшеріне тексеру жүргізілді

Бүгінгі ас мәзірі бойынша:
• Сиыр етінен котлет – 70 гр
• Қайнатылған қарақұмық – 130 гр
• Кисель – 200 мл
• Қара бидай наны – 50 гр

Тағам мөлшерінің 5 порциясы өлшеніп, талапқа сай екендігі анықталды. Тегін ыстық тамақ ас мәзіріне сәйкес берілді.

Асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасы тексерілді. Шикізат өнімдерінің кейбір сертификаттарының мерзімі өткендігі анықталды (қарақұмық, алма, ет өнімі). Бұл бойынша асхана меңгерушісі Ш.Овезоваға ескерту жасалды.

Тәуліктік сынама уақытында алынған. Буфетте тыйым салынған тағамдар жоқ. Қоймалар мен тоңазытқыштар тексерілді. Тоңазытқыштардың іші таза, тағамдардың жарамдылық мерзімдері дұрыс, тауар көршілестігі сақталған.

Ет бөлмесінің санитарлық жағдайы жақсы. Асхананың ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі талапқа сай. Асхана қызметкерлерінің санитарлық кітапшалары толық, арнайы киім үлгілері талапқа сәйкес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *