«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 9 қазанда әдістемелік күннің жоспарына сай, «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлау жолдары» тақырыбында мектепішілік жас мамандарға арналған семинар өтті.Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Күнтізбелік — тақырыптық жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.
Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы.
Қысқа мерзімді жоспарда оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының үлгісі. Яғни, қысқа мерзіміді жоспар – жеке, сабақ жоспары болып табылады. Сабақтың басты міндеті —оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Осы семинарда қмж құрылымы түсіндіріліп,әдістемелік көмек берілді.

