30 қазан күні «Ұлттық құндылықтар мен заманауи білімнің сабақтастығы» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.Семинар барысында «Ұлттық тәрбие-заманауи білім берудің негізі», «Цифрлық дәуірдегі ұлттық тәрбиенің жаңа формалары» сынды маңызды тақырыптарда мұғалімдер пікір алмасып,шеберлік сағаттары мен практикалық сабақтар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты — жаһандану үдерісінде ұлттық келбетті сақтап қалудың жолдарын қарастыру. Мұғалімдер ұлттық құндылықтарды білім мазмұнымен ұштастыра отырып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерін дамыту қажеттілігін атап өтті.
Басты бет » 30 қазан күні «Ұлттық құндылықтар мен заманауи білімнің сабақтастығы» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.