«Мың бала» — ауыл балаларын қолдау мен дамытуға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.
Ол Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы академиясы» КҚ-ның «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша бастамасы аясында іске асырылды.
Аталмыш олимпиада екі кезең, елімізддегі ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушыларын қамтыды.
2020 жылғы 21 тамыз күні өткен ІІ (қорытынды) кезеңге сәйкес, мектебіміздің оқушылары Мекебаев Нұржан мен Базарбай Ақдидар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Білім бәсекесінде үздік атанғандарды аудан әкімі — Рахат Елтизаров алғыс хатпен марапаттап, ноутбук табыстады.




