Skip to content
Басты бет » «МЫҢ БАЛА» ОЛИМПИАДАСЫ

«МЫҢ БАЛА» ОЛИМПИАДАСЫ

«Мың бала» — ауыл балаларын қолдау мен дамытуға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.
Ол Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы академиясы» КҚ-ның «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша бастамасы аясында іске асырылды.
Аталмыш олимпиада екі кезең, елімізддегі ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып  оқушыларын қамтыды. 
2020 жылғы 21 тамыз күні өткен ІІ (қорытынды) кезеңге сәйкес, мектебіміздің оқушылары Мекебаев Нұржан мен Базарбай Ақдидар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Білім бәсекесінде үздік атанғандарды аудан әкімі — Рахат Елтизаров  алғыс хатпен марапаттап, ноутбук табыстады.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *