Skip to content
Басты бет » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухаммедова Гүлнар қазақ әдебиеті пәнінен 8-сыныпқа Талап Сұлтанбековтің «Лұқман Хәкім» фантастикалық әңгімесіндегі Хәкім бейнесі тақырыбындағы сабағын өткізді. Сабақта оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындап, ғалым бейнесіне талдау жасады. Ғұламаның зерттеу жұмысына терең үңіліп, тың ақпараттар алды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухаммедова Гүлнар қазақ әдебиеті пәнінен 8-сыныпқа Талап Сұлтанбековтің «Лұқман Хәкім» фантастикалық әңгімесіндегі Хәкім бейнесі тақырыбындағы сабағын өткізді. Сабақта оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындап, ғалым бейнесіне талдау жасады. Ғұламаның зерттеу жұмысына терең үңіліп, тың ақпараттар алды.

 «Фантастикалық шығармалар — ғылыми танымның негізі» авторлық  

 бағдарламасы бойынша оқушылармен жасалған  жұмыстардың нәтижесі  

    Авторлық бағдарламаның мақсаты -көркем шығармалар арқылы оқушылардың рухани жан-дүниесін байытып, сөздік қорын молайтып,  ғылыми таным-түсінігін тереңдетіп, саналы азамат болуды санасына сіңіру. Ақын-жазушыларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасын кеңінен насихаттап, әдеби кітап оқудың пайдасын ұғындыру.  Пәнаралық байланысты нығайта отырып, оқушыларды зерттеу жұмыстарына, түрлі сайыстарға дайындау.  

 Бұл бағдарлама мектебімізде екі жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұрындық болуымен  8-сынып оқушылары арасында оқыған шығармалар желісі бойынша түрлі іс-шаралар: драмалық қойылымдар, интеллектуалдық сайыстар, пікірталастар, конференциялар ұйымдастырылды.

8«А» сыныбында Талап Сұлтанбековтің «Жүрек тулайды»    

                                        ғылыми-фантастикалық әңгімесінің желісі бойынша өткізілген

                                                   «Алғыр алтау» интеллектуалдық сайысы            

                              8 «Д» сынып оқушыларының фантастикалық шығармалар   

                                      бойынша ұйымдастырған конференциясы   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *