«Фантастикалық шығармалар — ғылыми танымның негізі» авторлық
бағдарламасы бойынша оқушылармен жасалған жұмыстардың нәтижесі
Авторлық бағдарламаның мақсаты -көркем шығармалар арқылы оқушылардың рухани жан-дүниесін байытып, сөздік қорын молайтып, ғылыми таным-түсінігін тереңдетіп, саналы азамат болуды санасына сіңіру. Ақын-жазушыларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасын кеңінен насихаттап, әдеби кітап оқудың пайдасын ұғындыру. Пәнаралық байланысты нығайта отырып, оқушыларды зерттеу жұмыстарына, түрлі сайыстарға дайындау.
Бұл бағдарлама мектебімізде екі жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұрындық болуымен 8-сынып оқушылары арасында оқыған шығармалар желісі бойынша түрлі іс-шаралар: драмалық қойылымдар, интеллектуалдық сайыстар, пікірталастар, конференциялар ұйымдастырылды.
8«А» сыныбында Талап Сұлтанбековтің «Жүрек тулайды»
ғылыми-фантастикалық әңгімесінің желісі бойынша өткізілген
«Алғыр алтау» интеллектуалдық сайысы
8 «Д» сынып оқушыларының фантастикалық шығармалар
бойынша ұйымдастырған конференциясы


