ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Академия-мектеп» жобасы аясында «А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы» мекемесімен серіктестікте жұмыс істеген бірнеше мектептер мен ұстаздарды марапаттады. Министр А.Аймағанбетов пен «А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы» мекемесі басшысы Ұ.Еркінбаевтың алғыс хаттарын Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев арнайы табыстады.
«Академия-мектеп» жобасына белсенді қатысып, жоғары кәсіби біліктілік пен ұйымдастырушылық қабілет танытып, оқу-тәрбие ісін жетілдіруге зор үлес қосқан мектебіміздің директоры Ж.А.Байназарова мен ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін география пәні мұғалімі, әдіскер А.Е.Имашеваға алғыс жарияланды. Сондай-ақ аталмыш жобадағы серіктестік үшін мектебімізге арнайы куәлік табыс етілді. Білім беру саласында үздік сапаға қол жеткізу үшін алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынас жалғасын таппақ.


