Аудандық мониторинг жүргізу мақсатында мектеп асханасына тексеріс жасалды. Тексеру барысында асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа толық сәйкес екені анықталды, тазалығы жоғары деңгейде сақталған. Ас блогындағы құрал-жабдықтар ретімен орналастырылып, қауіпсіздік ережелері сақталған.
Білім алушыларға бекітілген ас мәзіріне сәйкес тағамдар уақытылы және сапалы түрде ұсынылды. Тағамдардың сапасы, дайындалу технологиясы және сақтау шарттары талапқа сай болды. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдері тексеріліп, сәйкестігі расталды.
Жалпы алғанда, мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деңгейде ұйымдастырылған, барлық талаптар толық орындалған.