2022 -2023 оқу жылының 22 қазан күні «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қ. Бектуров, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының маманы Д. Жайшылықов, Баянды ауылдық мешітінің бас имамы С. Айтбаевтың қатысуымен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты деструктивтік діни ағымдар мен терроризмнің алдын алу жолдарын түсіндіру болатын. Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығымен дайындалған таратпа қағаздары (брошюра) таратылды. Жиын соңында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға мардымды жауаптар алды.

Басты бет » «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары