Мектебімізде 9-сынып қыз оқушылары арасында «Қызым үйде, қылығы түзде» тақырыбында тәрбиелік мәні бар кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – қыз балаларға әдептілік, мәдениеттілік, жауапкершілік және өзін-өзі дұрыс ұстау қағидаларын түсіндіру, отбасылық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында ДТЖО Акрамова Гульнара сөз сөйлеп, қыз тәрбиесі, мектептегі және қоғамдық ортадағы мінез-құлық мәдениеті жөнінде маңызды ойларымен бөлісті. Кездесуді мектеп психологы Байнекова Меруерт жүргізіп, оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырды. Қыздардың өзара сыйластық, жеке жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті мәселелеріне қатысты ой-пікірлері тыңдалды. Қатысқандар: ДТЖО – 1 Мектеп психологы – 1 Оқушылар– 30 #munaily_bilim#қыздаржиналысы