Кәсіптік бағдар берудің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 8-9 сынып оқушыларына «Дұрыс таңдалған мамандық – табысты болашақтың кепілі» тақырыбындағы мамандық таңдау кеші өткізілді. Кешке «Грант» оқу орталығының директоры Жумабек Суевбаевич, Баянды ауылы емханасының аға дәрігері Мамбетова Алмажай Джанаутовна, «Нұсқа» білім орталығының директоры Абенова Сагира Абдулаевна, Өрт сөндіруші Барлыбаев Дархан Болысбаевич, Азаматтык коргау Ага лейтенанты Есиркепов Коблан Асылбекұлы, Ветеринар Бекмурзин Абжет Қызылбаевич қонаққа келіп, оқушыларға өз мамандықтарының қыр-сыры туралы мәліметтермен бөлісті. Оқушылар көкейінде жүрген, мамандықтың түрлері, олардың қызығы мен қиындығы туралы сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Шара барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары ән айтып, күй тартты. Жетпісова Майра мектеп психологы оқушыларға мамандық туралы тренинг жүргізді.Мерекелік кеш келген қонақтарға да оқушыларға да ұнады. Шара жоғары деңгейде өтті.

Басты бет » «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» мамандық таңдау кеші