Дүкеннен тағам сатып алғанда, оның жапсырмасына назар аудару өте маңызды. ❗Жапсырмада өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және өндіруші туралы ақпарат жазылады. Егер біз осы ақпаратты небәрі 5 секунд оқысақ, өз денсаулығымызды қорғауға көмектесеміз. Себебі кейбір өнімдердің құрамында адам ағзасына зиян болуы мүмкін қоспалар немесе аллергендер кездеседі. Сондықтан кез келген тағамды сатып алар алдында жапсырмасын қарап, сапалы әрі қауіпсіз өнім таңдаған дұрыс.
Басты бет » Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың