Skip to content
Басты бет » «Жасөспірімдер арасында ертежүктіліктің алдын -алу» тақырыбында жиналыс

«Жасөспірімдер арасында ертежүктіліктің алдын -алу» тақырыбында жиналыс

12.09.2022ж1.Оқушыларды мектеп ережесі ,киім үлгісімен тазалық гигиенасы туралы  түсінік жұмыстары

2. «Қызға қырық үйден тыйым салу» мәтелінің түсінігі қандай?

3. «Қыздың көркі шаш» ой толғау.

   Бірінші мәселе бойынша мектебіміздің ДТЖО Измагамбетова Жеңісгүл қыз балаларды мектеп ережесімен таныстырып,мектеп  формасын  ретке келтіруді талап етті. Сонымен қатар жеке басының гигиенасын таза ұстауға шақырды. Қыз балалардың тырнақтарын боямай, уақтылы тырнақтарын алып, ұқыпты таза киініп жүру керектігі  айтылды. Тазалық туралы бірнеше мысалдар келтірілді. Сонымен қатар ертежүктіліктің алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Кешігіп келген оқушылардың ата-аналарын шақыртып шара алынатындығын ескертті.

   Екінші мәселе бойынша мектебіміздің ұйымдастырушы Ж.Шаригатова  қыз балаларға тәртібі мен киім кию үлгісі жөнінде мағыналы айтылған видеоролик көрсетті.Қазақ халқы қыздың тәрбиесіне үлкен мән бергенін айтып,бойжеткен қыз балаларға ақыл кеңесін айтып өтті.

   Үшінші мәселе бойынша мектебіміздің психологі Жетпісова М «Қыздың көркі шаш» тақырыбына байланысты бірнеше видеоролик көрсетіп шаш жайғанның жаман ырым екенін түсіндіріп өтті.Қазақ халқының ырым-тиымдарымен таныстырып,қыздар арасында ой толғады. Қыздар өз ойларын ортаға салып,шаштарын өріп жүруге уәде берді.Сыныптар арасында шаш өруден сайыс ұйымдастыруды жоспарға қойылды.

 

2022-2023 оқу жылының қазан айында жоспарға сәйкес аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық ұйымының төрайымы  Райхан Дарибаева және Мұнайлы қайырымды жандар орталығының басшысы Самал Абайқызы Базарбаевамен бірлесе мектебіміздің 9-11 сынып қыз балаларына « жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің  алдын алуға» арналған кездесу өтті. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып,оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып,тұшымды жауаптарын алды.  Одан бөлек қыз балалардың тазалығы мен алдын алу шаралары жөнінде алу бойынша мектеп психологі М.Жетписова кеңестер жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *